Зауыттың жоғары
өндірістік қуаты
Біз жылына 60 миллион шаршы
метр гофр қаптамасын шығарамыз
АТАУЫ | КӨРСЕТКІШТЕР |
---|---|
Өндірістік базаның ауданы | 2,5 га |
Өндірістік үй-жайлардың ауданы | 6 000 шаршы метр |
Кеңселік үй-жайдың ауданы | 1 250 шаршы метр |
Қойма үй-жайларының жалпы ауданы | 2 100 шаршы метр |
Дайын өнімге арналған қойма ауданы | 1 700 шаршы метр |
Электрмен жабдықтауға рұқсат етілген қуат | 1.6 МВт |
Рұқсат етілген газды тұтыну | сағатына 986 текше м. |
Жеке ұңғыма | тәулігіне 50 текше м. дейін |
Су тарту | тәулігіне 50 текше м. дейін |
Теміржол тұйығының қашықтығы | 200 метрге дейін |
Жүк автокөлігі үшін кіру-шығу | 2 |
1959 жылы негізі қаланған Компания, әлемдік гофрқаптарды өндіруге арналған жабдықтардың нарығындағы ең ірі ойыншылардың бірі болып табылады
Жабдықтың сапасы бойынша TCY әлемдегі ең танымал брендтермен бәсекелеседі. Қазіргі уақытта TCY қаптау өнеркәсібіндегі жетекші әлемдік брендтердің қатарына кіретін әлемдік атағы бар қарқынды дамып келе жатқан халықаралық компания болып табылады.
Жалпақ кескіш жабдықтардың әлемдегі ең ірі өндірушілерінің бірі өз тарихын 1917 жылдан бастайды.
Бас кеңсе және өндіріс Осака (Жапония) қаласында орналасқан. Сонымен қатар, кәсіпорынның Кореяда өндірістік алаңдары бар. Asahi зауыты Okuma заманауи металл өңдеу жабдықтарымен жабдықталған. Кәсіпорын жылына 85-ке дейін жалпақ кесу престерін өндіреді.
Robopac тауар маркасы 1984 жылы құрылған және стретч-үлдір қаптамаларына арналған қаптамалау машиналарын шығаруда әлемдік көшбасшы болып табылады.
PP, PET таспасын байланыстыру және стретч-үлдір орау жабдықтарын өндіруде танымал әлемдік көшбасшы. Компания 1966 жылы құрылды. Барлық өндірістік аудандар және бас кеңсе Вальдбрун (Германия) қаласында ораналасқан.
Өнімділігі (max) – 35000 м/сағ
Гофрагрегат екі негізгі бөліктен тұрады:
ылғал бөлік — С немесе В профильді гофркартон жасау, 3 қабатты желімдеу;
құрғақ бөлік — кенепті көлденең немесе бойлық бағытта кесу (7 пышақ), бүрмелеуді жағу (17 пышақ), қоймалау.
Кенептің ені 2500 мм.
Машина барлық түйіндер мен баптауларды басқарудың және бақылаудың компьютерленген жүйесімен жабдықталған. Басқару машинада орнатылған LCD мониторынан және оператор бөлмесіндегі компьютерленген посттан көлденең кескіш машинаның компьютерімен бірге жүзеге асырылады.
3 түсті түрлі-түсті басып шығаруға бояу жағумен қарапайым кесілген қораптар (4 клапанды қораптар) өндірісі
Өнімділігі (max) – 16 000 дайындама/сағат
шамамен 8000 шаршы метр/сағ
5РА сериялы желі гофржабдықтары нарығындағы ең танымал модельдердің бірі болып табылады. Бүктеу-желімдеу түйінімен, TOP LOADING жоғарғы жүктемесі бар жаңа типті эжектор есептегішімен, қаттамаларды автоматты түрде теңестіру және байлау машинасымен, керамикалық растрлық біліктері бар флексографиялық басып шығарудың үш бөлімімен (жоғарғы басып шығару) жабдықталған.
3 түсті түрлі-түсті басып шығаруға бояу жағумен қарапайым кесілген қораптар өндірісі
Өнімділігі (max) – 12 000 дайындама/сағат шамамен 6000 шаршы метр/сағ
Жабдық модульдік қағидат бойынша қалыптастырылған және келесілерден тұрады: «SUN» дайындамаларды автоматты вакуумды роликті беру секциясы, керамикалық растрлық білігі бар және дайындаманы вакуумдық сүйемелдеуімен (VACUUM TRANSFER) үш флексографиялық төменгі басып шығару секциясы (Bottom print), ротациялы кесу секциясы, автоматты екі секциялы RCD-парақ төсегіш, сызықтық жылдамдықты біріктіру эквалайзері.
Өнімділігі (max) – 5000 дайындама/сағ шамамен 2500 шаршы метр/сағ
Автоматты жалпақ кескіш престе кенерікті жоюға арналған секйиясы бар және әр түрлі қалыңдықтағы гофрленген картоннан жасалған күрделі конфигурациялы қаптаманы кесуге және бүрмелеуге арналған. Жоғары жылдамдық пен процестерді автоматтандырудың арқасында жабдық тәулік бойы үздіксіз жұмыс істей алады және гофрқаптаманың үлкен көлемін шығаруға қабілетті.
Паллет-пресс белгіленген тапсырмаға байланысты бір, екі және айқаспа байламға мүмкіндік береді. Қажетті өнімділікке және қаптау параметрлеріне байланысты тегістеу және орталықтандыру құрылғысының әртүрлі орналасу нұсқалары орнатылады.
Өнімділік (max) - 200 паллет/сағат
ROTOPLAT 3000 «айналмалы платформа» қағидаты бойынша паллеттерді қаптамалау паллеттерді автоматты түрде орауға арналған.
Өнімділік (max) - 2000 мм паллет биіктігінде сағатына 40 паллетке дейін, паллеттің жоғарғы жағын ораусыз.
- 2000 мм паллет биіктігінде сағатына 35 паллетке дейін, паллеттің жоғарғы жағы оралған
Производительность (max) – 2,5 тонн/час
Пресс автоматически прессует макулатуру в кипы, что позволяет более эффективно осуществлять транспортировку и утилизацию отходов.
Управление и мониторинг осуществляются с помощью PLC контроллера производства FACON (Taiwan). В комплекте с макулатурным прессом идет шредер с вентилятором- разрывателем и циклон модели ZQFL-11, предназначенный для сбора обрези и пыли с высекательного оборудования.